Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛБАСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ

«ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛБАСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ


    Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел тірегі - Елбасы» кездесу кеші өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, белсенді мүшелері, облыстық ҚХА құрылымдары, зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студент жастары және БАҚ өкілдері қатысты.
    Салтанатты жиын басталмас бұрын оқушылардың арнайы дайындаған «Ел тірегі – Елбасы» атты әдеби композициясы орындалды.
    Кездесу кешінің модераторы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова: «Елбасы  басшы¬лы¬ғы¬мен Қазақстан өз мемлекетті¬лі¬гі¬н барлық нышандары бар, этнос¬ара¬лық және конфессияаралық келісіммен жүз отыз¬дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі бейбіт өмір сүріп, еңбек етіп жүрген, тең құқылы мемлекет ретінде қалыптастырды.
    Елімізді тар жол-тайғақ кешу талай кезеңдерден сүріндірмей, әлем мойындаған мемлекеттің негізін қалады. Сондықтан елдегі игіліктердің барлығы Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Елбасы тәуелсіздік жылдары Қызылорда облысының, ондағы еңбексүйгіш халықтың  ертеңіне қажетті бірнеше ірі жобалардың іске асуына бастамашы болды. Елбасының Сыр еліне жасаған әрбір  сапарынан мұндағы халықтың келешекке деген сенімі арта түседі. Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын орындау мақсатында облыстық ассамблея «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы мен «Өңірлік қайырымдылық жасаушылар форумы» секілді жобаларды іске асырды. Аталған іс-шаралар облыстың маңызды жобалар тізбегіне енгізілді», -деді.
    Салтанатты бас қосудың алғы сөзі облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовке берілді. «Тәуелсіздіктің небәрі 25 жылдығы ішінде бағындырған белестеріміз жетерлік. Алда алар асуларымыз одан да көп. Бүгінде еліміз дамудың даңғылына түсе отырып, әлемдегі озық елдердің қатарынан ойып тұрып орын алды. Бұл еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуына аянбай еңбек еткен Елбасының арқасы екені бүгінде баршамызға аян. Бұл мерекенің тойлануының өзіндік халыққа берері мол. Осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады»,-деді.
    Кездесу барысында Елбасы өмірінен сыр шертетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмнің көрсетілімі болды. Сондай-ақ, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдарының өкілдері,  этномәдени бірлестіктің жетекшілері сөз сөйлеп, мерекелік күнге орай ой-пікірлерін ортаға салып, жылы лебіздерін білдірді.
    Облыстық Қазақстан халқы
    ассамблеясының баспасөз қызметі





30 қараша 2017 ж. 211 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области