Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қайыршы көп ақша жинау үшін біреудің баласын сұрап алған

Қайыршы көп ақша жинау үшін біреудің баласын сұрап алған

Атырау облыстық полиция департаменті өңірде табылған 9 айлық сәбиге қатысты оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«9 айлық нәрестенің анасы табылды. Ол жұмыс істейді. Баланы қайнағасымен бірге тұратын әйелге сеніп тапсырған. Сәбиді таксимен үйіне жеткізу үшін оған ақша берген. Бірақ әйел, супермаркеттердің бірінің алдында қайыршылықпен айналысатын танысын кездестірген. Ол баланы аздаған уақытқа бере тұруды сұраған. Себебі кішкентай баламен ақшаны көбірек жинауға болады. Алдымен, көшеде өтіп бара жатқан адамдар, кейін оған таянған учаскелік инспектор ұлты қазақ әйелдің қолындағы славяндық келбеттегі балаға назар аударған. Ол қорыққаннан сәбиді қоқыс жәшігінің маңынан қораптың ішінен тауып алғанын айтқан», - деп мәлім етті Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Бала анасына тапсырылды, денсаулығы жақсы. Өз кезегінде әйел перзентіне дер уақытында назар аударған полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Айта кетейік, 8 сәуір күні Атыраудың Сары-Арқа шағынауданында қоқыс жәшіктерінің жанынан қорапқа салынған 8-9 айлық нәресте табылғаны жөнінде әлеуметтік желі пайдаланушылары хабарлаған болатын.
Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе дұрыс орындамау)бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
10 сәуір 2019 ж. 118 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области