Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЗ СПИДКЕ ҚАРСЫМЫЗ

БІЗ СПИДКЕ ҚАРСЫМЫЗ


    №149 «Қызылту» орта мектебінде «Біз СПИД-ке қарсымыз» атты тақырыпта кең көлемді акция болып өтті.
     Акцияны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Охапова ашып беріп, мектеп аяжандары Г.Накипова, Г.Қауғанбаева тақырып аясында баяндамалар жасады. ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Олыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Б.Парманқұлов, Облыстық жастар денсаулығы орталығының Шиелі аудандық құрылымдық бөлімшесінің маманы С.Қалекеева ЖИТС-тің жұғу жолдары және алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
     Мектеп оқушылары флеш моб билеп, видео роликтер көрсетіліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

30 қараша 2017 ж. 105 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области