Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ


    Сырдария ауданында осы жылдың 10 айында 117508 шаршы метрге тұрғын үй салынды. Ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  104,9 пайызды құрады. Бұл туралы аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың баяндамасынан білгілі болды.
    Оның айтуынша аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылы қаңтар-қазанда 6 млрд 974 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге артып отыр.
    - Ағымдағы жылы Тереңөзек кентінде 5 үш бөлмелі және 5 екі бөлмелі үйлердің құрылысына облыстық бюджет есебінен 70,0 млн. теңге және аудандық бюджеттен 36,3 млн. теңге қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі күнге 52,5 млн.теңге игерілді. Салынып жатқан тұрғын үйлер желтоқсан айында пайдалануға беріледі. 2017 жылы республикалық бюджет есебінен Тереңөзек кентінің Аманкелді және Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталы құрылысының инфрақұрылымын бастауға 100 млн. теңге бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Аудандық бюджет есебінен 21,8 млн теңге қаржыға Тереңөзек кентіндегі көлемі  135 гектарды құрайтын инфрақұрылымның жобалау-сметалық құжатын дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді, - дейді аудан әкімі.
    Айта кетейік, Шіркейлі ауылындағы жаңа мөлтек ауданының инфрақұрылымы құрылысын аяқтауға  республикалық бюджет есебінен 111,9 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

30 қараша 2017 ж. 91 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области