Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 4 сәуір – Бекзат Саттархановтың туған күні

4 сәуір – Бекзат Саттархановтың туған күні

4 сәуір – тәуелсіз ел тарихында бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған қазақ марқұм Бекзат Саттархановтың туған күні, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz«Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
20 жасында олимп шыңын бағындырып, шаршы алаңда жасындай жарқыраған Бекзат Сейілханұлы көзі тірі болғанда бүгін 39 жасқа толар еді. Туған жері киелі Түркістан шаһарында Бекзатты еске алуға арналған бокстан дәстүрлі 18-халықаралық турнир басталды. Байрақты бәсекеге елімізден бөлек, 5 мемлекеттен 11 салмақ дәрежесі бойынша тәжірибелі спортшылар қатысып, бақ сынауда. Турнирге 2000 жылы Бекзатпен бірге Сидней олимпиадасына қатысып, алтыннан алқа таққан даңқты боксшымыз Ермахан Ибрагимов, сол кездегі ұлттық құраманың бас бапкері болған Тұрсынғали Еділовтер арнайы келді. Ермахан Ибрагимов Сидней олимпиадасы кезіндегі Бекзатқа қатысты естеліктерімен бөлісті.
Бұдан бөлек, қалалық мәдениет үйінде «Бекзат – жарқ еткен жұлдыз» атты мерекелік шара өтті. Оған Бекзаттың ата-анасы, туған-туыстары мен бауырлары және жастар қатысты. Алдымен Бекзат жайында түсірілген деректі фильм көрсетілді. Өнерпаздар Бекзатқа арналған әсем әннен шашу шашса, жергілікті билік біртуар ұлдың ата-анасының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Батырдың ата-анасы да Бекзаттың арманы туралы айтып берді.
«Сіздің қызыл жейдеңіз бос екен ғой, мен соны киіп шығайын деп едім» дейді. Мен «саған үлкен болады ғой» десем, «жоқ, Ермахан аға, мен арқасын байлап алып шығамын» дейді. Теледидардан қарасаңыздар арқасын байлап алған. «Мен чемпионның жейдесімен шыққым келеді» дейді. «Мен әлі чемпион емеспін ғой» десем, «Ермахан аға, мен 100 пайыз сенемін, сіз чемпион боласыз» деп кеудемде жеңіс отын жағып берді. Сондықтан Б.Саттархановты мен ешқашан ұмытпаймын. Жүрген жерімде осы әңгімені айтып жүремін», - дейді Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрагимов
«Бекзаттың туған қаласы Түркістан үлкен шетелдің қалаларындай әдемі, көпқабатты үйлер тұрса, спорт кешендері болса деп армандайтын. Енді соның армандары орындалып келе жатқан сияқты. Облыс орталығы болдық, Құдайға шүкір. Спорт кешендері салынып жатыр. Бекзаттың арманы осы болатын», - дейді Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов.
04 сәуір 2019 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области