Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің отбасына бес жылдық жалақы төленеді

Тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің отбасына бес жылдық жалақы төленеді

Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхтаров әскерилердің отбасы қараусыз қалмайтынын атап өтті.
Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскерилердің отбасына марқұмның бес жылдық жалақысы төленеді. Сонымен қатар, егер пәтері болмаса, жаңа баспанамен қамтылады. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қайғылы оқиға болған кезде қаза болған әскерилердің отбасына әскери қызметшінің бес жылдық жалақысы төленеді. Заңға сәйкес, егер марқұмның отбасының баспанасы болмаса, онда біз жаңа баспана алып беруге міндеттіміз", - деді Мұхтаров мәжіліс кулуарында.
Ол әр әскери қызметшінің жалақысы әртүрлі екенін атап өтті.
"Бастапқы лауазымдардағы офицердің жалақысы орташа есеппен 140 мың теңге. Ал келісімшартпен жұмыс істейтіндердікі аздау, 60-70 мыңдай", - деді министрдің орынбасары.
Сонымен қатар, Мұхтаров әскерилердің отбасы қараусыз қалмайтынын атап өтті.
"Біздің ұжым марқұмдардың отбасымен байланыста болады, мүмкіндігінше көмек көрсетеді",- деп сендірді ол.
Бұған қоса, заңда әскери қызметшілердің балаларына әскери оқу орындарына түскен кезде жеңілдіктер қарастырылған. Егер отбасында әскери қызметші қаза тапқан болса, оның аға-інілері әскери қызметке шақырылмайды деген норма да бар.
Мұхтаров тікұшақтың нақты неден құлағаны әзірге белгісіз екенін, тергеу жүргізіліп, "қара жәшіктегі" мәліметтер тексеріліп жатқанын айтты.
Айта кетейік, 27 наурызда кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың барлығы қаза тапты.
03 сәуір 2019 ж. 108 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области