Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


        Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің  мамандары студенттермен кездесу өткізді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
        «Қылмыстық құқықбұзушылық пен сотқа дейінгі тергеу: қазіргі қолданыс және ертеңгі көзқарас»  тақырыбында жаңалықтар мен өзгерістерді таныстырған кездесу Қызылорда гуманитарлық заң колледжінің  жоғарғы курс студенттеріне арналды.
         Профилактикалық жұмыстар және бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Әлкебайұлы ұсынған экономикалық қылмыстық құқықбұзушылықтардың сипатына, сотқа дейінгі тергеу жүргізудің ерекшеліктеріне қатысты ақпараттар студенттердің қызығушылығын тудырды.
         Негізгі экономикалық қылмыстар сипаты құзыреттілікті асыра пайдалану, қылмыстық жолмен табыс табу, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын сияқты қоғамдық көріністерді қамтиды.
        Ағымдағы жылдың 9 айында экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде 250 қылмыстық іс болған. Осы істердің 192-сін сотқа дейінгі тергеуді департамент мамандары жүргізді.  176 қылмыстық іс аяғына жеткізіліп, мемлекетке келтірілген 2,4 млрд.теңгенің залалы қайтарылды, 585 млн.теңгенің мүлкіне шектеу қойылды. Айта кету керек, барлық қылмыстық істердің жүргізілуі прокуратура органдарымен келісіледі, қылмыстық процесстер барысында бірде-бір тұлғаның конституциялық құқығы бұзылған жоқ.
         Сонымен қатар, спикер қылмыстық процестерді жаңғыртуға және құқыққорғау қызметінің бірнеше жақтарын жетілдіруге бағытталған жаңа заң жобасы туралы хабарлама жасады. Қылмыстық процестердің маңызды сәттерін үйлестіретін бұл заңнамалық құжат бірқатар талаптарға жаңа көзқараспен қарайды.  Барлық жаңа тәсілдер азаматтардың құқыққорғау жүйесіне деген сенімін арттыру үшін жасалуда.
          Болашақ заңгерлер бірқатар сұрақтарына жауап алды. Екі жақты танымды сипатқа ие болған  бұл кездесуден соң  студенттердің өз мамандығына деген құрметі мен мақтанышы артқаны анық.


29 қараша 2017 ж. 103 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области