Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯДА 39 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ ҚҰРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯДА 39 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ ҚҰРЫЛДЫ


    Оның ішінде 11 кооператив 20 өзіндік қосалқы шаруашылықтары бірігуі арқылы құрылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
    Оның айтуынша құрылған кооперативтер аралас ауылшаруашылығы, егіншілік, мал өсіріп ет өнімін алу, құс етін өндіру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.
    -  «50 ауыл» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы Ақжарма ауылдық округінен 20 өзіндік қосалқы шаруашылықтары бірігуі арқылы «Ақжарма - Инвест» және «Ақжарма Ынтымақ» АӨК» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 126,8 млн  теңге несие алып, 852 бас мүйізді ірі қара малының сүтті тұқымдарын көбейту бағытында күтіп бағуда. Сонымен қатар «Ақжарма - Инвест» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан мал сою алаңының құрылысымен ет өнімдерін өңдеу бағытында және сүт қабылдау пунктін ашуға 27  млн теңге несие алып құрал жабдықтар алуда, - дейді аудан басшысы.
    Сонымен қатар, Қызылорда «Өнірлік инвестициялық орталығы» арқылы Айдарлы ауылдық округінен «Айдарлы-Кадыр ата» АӨК» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 18 млн теңге. А.Тоқмағанбетов ауыл округінен «Игілік-Береке» АӨК» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 14 млн теңге. Іңкардария ауылдық округінен «Даму Қожеке Батыр» АӨК» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 13 млн теңге, Н.Ілиясов ауылдық округінен «Алихан-Заңғар» АӨК» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 18 млн теңге несиелерін алып ет, сүт бағытындағы малдары алынуда.

29 қараша 2017 ж. 113 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области