Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМБАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ КЕПІЛДЕНДІРУІМЕН АЛҒАШҚЫ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

МЕМБАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ КЕПІЛДЕНДІРУІМЕН АЛҒАШҚЫ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ


    Бизнес дамытуға 6% сыйақымен кепілсіз берілетін несиені Бақытжан Боданов басқаратын «Мейіржан» жеке кәсіпкерлігі алды. Боданов Бақытжан несие қаражатын айналым қаражатын толтыруға және сиыр мен жылқы сатып алып, ет өндіру көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарламаға қатыспас бұрын Бақытжан Боданов өзін-өзі қамтушы ретінде мал шаруашылығын жүргізіп, сауда нүктелері арқылы ет-сүт өнімдерін өткізумен айналысқан.
    Сұранысқа сай Бақытжан Боданов өз кәсіпкерлігін кеңейтуді қолға алды. Кәсіпкер «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету  орталығынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жайында хабарлама алып, орталық мамандары оған ЕДБ несие алу үшін қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетті.
    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ҚОФ  Бақытжан Бодановтың старт-ап жобасына 10 млн. теңге несие беруді мақұлдады, сонымен қатар «Даму» Қорының 85% көлемде кепілдендіруінің арқасында кәсіпкер тек 1,5 млн.теңге депозит ұсынды.
    – «Даму» Қоры тарапынан маған берген кеңесі мен көмегіне мың алғыс. Қолжетімді бағдарламаның арқасында шағын бизнесімді үлкейтіп, табысымды арттыруды көздеймін, - дейді кәсіпкер.
    Еске сала өтсек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында Қызылорда облысы бойынша «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ банктерінен несие рәсімдеуге болады. Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты –сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез-келген бизнес түріне беріледі. Несие болйынша сыйақы мөлшері 6% ғана.

29 қараша 2017 ж. 61 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области