Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның концертіне қатысады

Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның концертіне қатысады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеуде ресейлік Алла Пугачеваға арналған шығармашылық кеште өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.
"Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше", - деп жазды Димаш.
Пугачеваның мерейтойына арналған "Подарок для Аллы" концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холлда өтеді.
Концертте Құдайбергеннен бөлек, Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Светлана Лобода, Валерий Леонтьев және басқа да ресейлік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеште Алла Пугачева мен Максим Галкин жүргізуші болады.
Айта кетейік, Пугачева 15 сәуірде 70 жасқа толады. Оның репертуарында 500-ден аса ән бар.


27 наурыз 2019 ж. 466 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области