Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » САЛА МАМАНДАРЫ МАУСЫМДЫҚ ШАРА БАСТАДЫ

САЛА МАМАНДАРЫ МАУСЫМДЫҚ ШАРА БАСТАДЫ


    Жыл сайын жылу беру маусымы басталысымен тұрғын үйлерде және пәтерлерде   өрттер жиі орын алады. Көбінесе олардың себептері  жылыту құралдарын, пешті  пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу мен электр желісінің қысқаша тұйықталуынан болып отыр.
    Биылғы жылу беру маусымы басталғалы бері 37 өрт  тұрғын-жайда өрт тұтанып, салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 1 тұрғын жарақат алды.
    Осыған байланысты Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» профилактикалық  маусымдық іс-шарасын өткізуде.  Оның негізгі міндеті – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында  нысандарды күзгі-қысқы кезеңде жылыту маусымына дайындау және өткізу болып табылады.
    Профилактикалық іс-шараларды өткізу аясында пештер мен басқа да жылыту құралдарын пайдалану ережесі туралы  нұсқаулықтар өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы халықты ақпараттандыруға, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мәселелері бойынша көрнекі үгіт-насихат құралдарын орналастыруға баса назар аударды.
    Өткен жылыту маусымы кезеңінде Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының мамандары  әлеуметтік саладағы нысан қызметкерлерімен, тұрғын үй-коммуналдық саласы жұмысшыларымен, басқарушы және қызмет көрсетуші ұйымдар өкілдерімен 177 кездесу өткізіп, көрнекі үгіт материалдарын таратты.  Иесіз қалған құрылыстар мен басқа да орындарда және белгілі тұрағы жоқ адамдар болуы ықтимал мекен-жайларда өрттің алдын алу рейдтік  іс-шаралары жүргізілді.  
    Бақылау-профилактикалық жұмыс өз нәтижелерін беруде. Сонымен қатар жылыту кезеңінің басталуына қарай ауылдық округ әкімдігі және «АлауГазАймақ» ЖШС жұмысшыларымен бірге  Махамбетов ауылында тұратын  аз қамтамасыз етілген отбасылар тұрғын үйлерінің жылыту пештерінің мұржаларын тазарту жұмыстары жүргізілді.
    Қызылорда облысы ТЖД
    Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

29 қараша 2017 ж. 63 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области