Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СУ ТАСҚЫНЫН БОЛДЫРМАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

СУ ТАСҚЫНЫН БОЛДЫРМАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ


     Бұл күндері Қармақшы ауданындағы шаруа қожалықтары басшылары мен тұрғындар арасында су тасқынын болдырмау бағытындағы жұмыстар кеңінен түсіндірілуде.
    Сырдария өзенінің Қармақшы ауданы аумағындағы ұзындығы 231 шақырымды құрайды. Қауіпті аймақтар болып есептелетін Сырдарияның оңтүстік жағалауындағы Жаңажол, Иіркөл ауылдары, солтүстік жағалаудағы Қараөзек пен екі ортада орналасқан Қызылтам, Абыла елді-мекендері және аудан орталығы Жосалы кентін қорғау үшін жалпы ұзындығы 67,2 шақырымдық қорғаныс бөгеттерімен қоршалған.
    Аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев, жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Ғ.Нағиев, ветеринария бөлімінің басшысы А.Қалжанов, аудан әкімі аппаратының бөлім басшысы Р.Ефенов, ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Ж. Төлегенов, ішкі саясат бөлімінің статистигі Н.Бейбітов, Қармақшы ауылдык округі әкімінің бас маманы А.Есқараев және аудандық ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Е.Назарқұловтардан жасақталған топ 4 шаруа қожалығының басшысы мен тұрғындарға су баса қалған жағдайда жасалатын іс-әрекет пен шаруа қожалықтарын қауіпсіз аймаққа көшіру жолдарын құлақтандырып, ескертпе хат таратылды.  
    Қармақшы аудандық №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, әр аптаның сенбі күні, аудан тұрғындарына су тасқыны мен су басу кезіндегі іс-қимылдар жөнінде құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Күнделікті «Қармақшысушар» мекемесі тарапынан Сырдария өзенінен өтетін су деңгейі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
    Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз  жалғасын табатын болады.
    Б. БИСЕНОВ,
    Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар
    бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі

29 қараша 2017 ж. 141 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области