Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Астана-Нұрсұлтан: Парламент тиісті заң жобасын қабылдады

Астана-Нұрсұлтан: Парламент тиісті заң жобасын қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында тиісті заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Baq.kz.

Отырыстың басында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жаңа Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваны жаңа қызметімен құттықтады.
«ҚР Конституциясына сәйкес, Үкімет ата заңымызға Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін республикалық референдум өткізу жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты реферундумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Бұл мәселе бойынша Конституциялық кеңес өзінің оң қорытындысын да берді», - деді Нұрлан Нығматулин.
Бірлескен отырыста ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Әлия Рақышева сөз сөйледі.
«Мемлекет басшысы Конституцияның 91 бабы, 2 тармағына сәйкес, Парламенттің қарауына «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заң жобасын ұсынды. Бұл жоба республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұрсұлтан қаласына өзгертуді көздейді. Еліміздің Конституциялық кеңесі осы түзетулердің ҚР Конституциясының 91 бабының 2 тармағына сәйкестігі туралы қорытынды берді. Баяндалғанды ескере отырып, ұсынылған түзетулерді қолдауларыңызды сұраймыз», - деді Әлия Рақышева.
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар Астанаға Нұрсұлтан атауын беру керектігін айтты. Отырыс соңында депутаттар заң жобасын бірауыздан қабылдады.

20 наурыз 2019 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области