Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


    Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс орталығында ҚР Президенті Аппараты Қауіпсіздік Кеңесінің қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі сарапшысы Ақболат Жылқыбайдың қатысуымен «Қызылорда облысы аумағындағы су тасқынының алдын алу шаралары» тақырыбында жиналыс өтті.
     Жиынға су тасқыны кезінде жұмылдырылатын мекемелер мен ұйымдар басшылары қатысты.  
    Жиналыс барысында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов хабарлама жасап, онда Сырдария  өзеніндегі судың деңгейі мен ауа райы туралы күнделікті ақпараттар алынып, күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
    Департамент басшысының хабарлауынша бүгінде ТЖД жеке құрамы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Жиында сондай-ақ, су тасқыны орын алған жағдайда аса қауіпті учаскелерге жақын орналасқан тұрғындарды хабардар ету және қауіпсіз орынға көшіру жұмыстары, сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезінде жұмылдырылатын күш-құралдардың дайындығы туралы айтылды.  
    Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
    Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі

29 қараша 2017 ж. 428 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области