Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ


    Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушыларына арналған «Елбасы жолы – ертеңге» атты жас информатиктердің облыстық конкурсы өткізілді.
    ҚР Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отырған конкурс мақсаты оқушылар бойында үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеруге қызығушылықтарын арттырумен қатар, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу болды.
     Жас информатиктер конкурсына 16 оқушы қатысып, 7 оқушы Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.
    Қармақшы ауданындағы №274 мектептің 10 сынып оқушысы Азат Мирамғазы І дәрежелі диплом иегері атанса, Сырдария ауданындағы №139 мектептің 7 сынып оқушысы Ринат Сағатұлы, Аралдағы №64 мектептің 10 сынып оқушысы Рүстембек Амандықов пен Шиелідегі №149 мектептің 10 сынып оқушысы Шынар Тілеуова ІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
    ІІІ дәрежелі диплом Қармақшы ауданынан келген Гүлманат Райымбаеваға (№273 мектеп, 10 сынып), сырдариялық Арман Жұмабаевқа (№131 мектеп, 9 сынып) және Жаңақорған ауданынан қатысқан Нұрай Жұмабекке (№3 мектеп-интернаты, 10 сынып) бұйырды.

28 қараша 2017 ж. 158 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области