Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда көпбалалы отбасылар үшін үйге арнайы кезек жасалады

Қазақстанда көпбалалы отбасылар үшін үйге арнайы кезек жасалады

Көпбалалы аналар үшін тұрғын үйге арнайы кезек жасалады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Алтын Алқа" иегерлері жалпы кезекте тұрмайды. Қазір біз көпбалалы аналар үшін бөлек кезек жасау мәселесін көтеріп жатырмыз. Бірақ мұның бәрі бірден бола қоймайды. Қанша қаражат керек екенін, қанша пәтер салу қажет екенін қарауымыз керек", - деді Сапарбаев көпбалалы аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу барысында.
Бұған дейін Қазақстанда көпбалалы аналарға үй беру жоспарланып жатқаны хабарланған еді.
"Бір шаршы метрге 140 мың теңге деген үлгіні алдық. Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында. Алдымен үй аумағының параметрлерін орнатпақпыз. Кейін жергілікті атқарушы органдар "Егер бір пәтерге нақты баға белгілесеңіздер, біз әкімшіліктерге шешім қабылдауға мүмкіндік береміз" деп өз ұсыныстарын айтты", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер үкіметтің баспасөз мәслихатында.
18 наурыз 2019 ж. 234 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области