Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТ ТҮЛЕКТЕРІ АКЦИЯ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ

ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТ ТҮЛЕКТЕРІ АКЦИЯ АЯСЫНДА БАС ҚОСТЫ


    Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатында «Туған жерге тағзым: Мектебіме тағзым» акциясы аясында түлектермен кездесу болып өтті.
    Лицейді бүгінгі күнге дейін 738 түлек бітірген. Олар қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына өзіндік үлестерін қосып, ел игілігіне қызмет етуде. Лицей түлектерінің жыл сайын 15-20 пайызы мұғалімдік мамандығын таңдайды. Үштілді білім беру жүйесіне көшу барысында олар ерекше сұранысқа ие болып тұр. Мұғалім мамандығы бойынша лицей бітірген түлектер «Білім-инновация» лицейлерінде, Назарбаев зияткерлік мектептерінде жұмыс істеуде. Осы білім ордасын бітірген түлектер арасында «Орданың Алтын кітабы» атты анықтамалық жинаққа енгендер де бар.
    Кездесу кешіне түлектерді осы лицейді 2007 жылы тәмәмдаған Лариса Цой бастап келді. Ол бүгінде «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның мұнай және газ өндіру департаментінің инженері. 2007 жылы «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның стипендианты атанып, Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде жоғары білім алды. 2012 жылы техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иеленген Лариса SPE (Society of Petroleum engineers) халықаралық мұнайшы инженерлер қоғамының мүшесі.
    Кездесу кешіне келген түлектер лицейдің оқу ғимаратымен танысып, «Интеллектум» үйірмесінің жұмысын көрді. Демалыс бөлмесіндегі естелік суреттерді тамашалады.   

28 қараша 2017 ж. 76 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области