Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 16 наурыз:Атаулы күндер мен Оқиғалар

16 наурыз:Атаулы күндер мен Оқиғалар

Республикалық Ұланның құрылған күні
1992 жылғы 16 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Алматы облысы Қаскелең ауданының Красный Восток кентінде орналасқан Ішкі әскерлердің шұғыл мақсаттағы жеке бригадасы негізінде Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланы құрылды.
Оның міндетіне: мемлекеттік билік және басқармалардың жоғарғы органдарының, Президенттің, Парламент пен Үкімет басшыларының көлік құралдарын ел аумағында және сырт жерлерде күзету; ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; шетел мемлекеттері басшыларын күтіп алу, шығарып салу кезінде, ҚР мейрамдары мен салтанаттарында жоралғылық рәсімдерді орындау; мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін құқық бұзушыларды тоқтату; ҚР аумағында Конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және басқа да әрекеттерді тоқтату; ҚР заңдарында көзделген тәртіпте төтенше жағдай режімі кезінде іс-шаралар жүзеге асыру кіреді.
1944 жылы Көкшетау облысы құрылды. Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы. Облыс республикадағы астықты өңірлердің бірі саналады. Оның аумағы сол кезде батыстан шығысқа 600 шақырымға жуық, солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырымнан астам жерді алып жатты. Облыс 1997 жылы мамырдың 3-інде Солтүстік Қазақстан облысына қосылуына байланысты таратылды. 1999 жылы оның үш ауданы және Көкшетау қаласы Ақмола облысының құрамына енді.
1944 жылы Талдықорған облысы құрылды. Әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы. Облыс 1997 жылы Алматы облысына қосылуына байланысты таратылды.
2009 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің жоғарғы наградасы - Заид орденімен марапатталды.
Заид ордені Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайянның құрметіне бекітілген марапат. Ол екiжақты қатынастардың дамуына ерекше үлес қосқан шет мемлекеттерiнің басшыларына табыс етіледі.
2012 жылы Нью-Йорк университеті жанындағы Ежелгі әлемді зерттеу жөніндегі институт ғимаратында «Көшпенділер және олардың байланыстары: Қазақстанның ежелгі өнері мен мәдениеті» ("Nomads and Networks: The Ancient art and Culture of Kazakhstan") деген атаумен бірегей көрме ашылды.
2015 жылы Бакуде Four Seasons қонақ үйінде Қазақстанның ұлттық тасымалдаушы компаниясы «Эйр Астана» БАҚ өкілдерінің қатысуымен жаңа бағдарламаны таныстыру шарасын ұйымдастырды. Шарада «Эйр Астана» қызметінің негізгі аспектілері, Stop Over Holidays транзиттік жолаушыларына арналған жаңа туристік бағдарламасы таныстырылды.
1917 жылы «Maybelline» компаниясы сол кездегі жаңа косметикалық өнім кірпікті бояуға арналған тушь шығарды.
16 наурыз 2019 ж. 15 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области