Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ұлттық республикалық көрме өтуде

Қызылордада ұлттық республикалық көрме өтуде

Бүгін Қызылорда қаласында орналасқан «Aray city mall» ойын-сауық кешенінде «Қобыз үні» атты ұлттық республикалық көрме өтуде.

Шара Қызылорда облысы әкімдігі мен «QOLÓNER» ұлттық нақыш орталығы бірлесуімен ұйымдастырылды. Көрменің негізгі бөлімі сағат 10.00-13.00 аралығында өтсе, 14.00-22.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді. Республикалық көрмеде ағаш шеберлері, зергерлер, әр түрлі бағыттағы қолөнер шеберлерінің жұмыстары қойылды. Әр облыстан келген шеберлер өз жұмыстарын таныстырып, пікірлерін білдірді.
Злиха Қалендер, қолөнер шебері:
«Бүгінгі шара қазақтың ертеден бергі Амал мерекесімен сәйкес келіп отыр. Көрмеге өзімнің ши тоқымадан жасалған туындыларымды алып келдім. Жұмыстарымда байқаған боларсыз, ертедегі ою-өрнектері қолданылған. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай озық дәстүрімізді қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастылған бұл шара біздер үшін үлкен қолдау. Осы қолөнер жұмысымен 15 жылдан бері айналысып келемін. Біздің мақсатымыз осы ұлттық бұйымдарымызды кейінгі ұрпаққа насихаттау».
Өңірлер арасында тәжірибе алмасу, жаңа өндіріс көзін ашу мақсатында өткен шарада көрмеге қатысушы қолөнер шеберлері марапатталды. Көрме кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмыс жасайды.



14 наурыз 2019 ж. 95 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области