Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 15 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Мәселені талқылау, оны шешу қиынға соғады. Айналаңыздағылар сізге сақтықпен қарайды. Жаныңыздағы адамдар сізден әлденені жасыруы мүмкін. Жасырғанын білуге тырысыңыз. Бұл арқылы сіз көп қателіктін алдын алатын боласыз. Бүгін ірі көлемде сауда жасайсыз және бұл әрекетіңізге еш өкінбейтін боласыз.

Торпақ
Көптен ойға алған жоспарды жүзеге асыруға қолайлы күн. Ол үшін тапқырлық қажет. Сіз өз ойыңызды жүзеге асыра аласыз. Сонымен қатар бүгінгі күн үй шаруасымен айналысуға өте қолайлы. Сондай-ақ бүгін үйге жиһаз алып, көптен ойлап жүрген затыңызды сатып аласыз.

Егіздер
Сәттілікке толы күн. Сізді қуантатын жағдайлар орын алады. Өміріңіз жақсы жағына қарай өзгереді. Соңғы уақытта жақсылықтан үміт үзген «егіздердің» де өмірінде өзгерістер орын алады. Көптен мазалап жүрген мәселенің түйіні шешіледі. Жұмыста табысты боласыз.

Шаян
Табандылық танытсаңыз қалауыңызға қол жеткізесіз. Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Қарсыластарыңыз сізге жол беру керек екенін түсініп, сізге қарсыласудың қажет емес екенін түсінеді. Бұрын жіберіп алған қателіктерді түзетуге қолайлы күн. Өміріңізде өзгерістер орын алғалы тұр.

Арыстан
Айналасындағылармен тіл табыса білетін жандар үшін табысты күн. Сіз үшін қымбат жандармен жақын қарым-қатынаста болып, олармен сөзге келуден сақ болыңыз. Түстен кейінгі уақытта ірі зат сатып аласыз. Сонымен қатар қаражатыңызды бизнес-жоспарға салыңыз.

Бикеш
Қиындықтарды жеңу үшін ұстанымдарыңызды өзгерту қажет. Өз әдетіңізден танбасаңыз ешқашан жетістікке жетпейсіз. Жақындарыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. бірақ қам жемеңіз, жуырда қайтадан тіл табысасыз. Бүгінгі күн оқуға және адамдармен байланыс орнатуға сәтті күн.

Таразы
Барлығы сіз ойлағандай болмайды. Дегенмен әрбір ісіңіз сәтімен аяқталады. Жеке өміріңізге қатысты бірнеше мәселені демде шешесіз. Бірақ мәселені шешемін деп жеңіл жолды таңдамаңыз. Жаныңызға жақын адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз. Олардың кеңесі сізге ауадай қажет.

Сарышаян
Күніңіз сәтті өтсін десеңіз жоспарларыңыз ретке келтіріңіз. Ең маңызды жоспарларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Ұсақ-түйек шаруаларға уақыт кетірмеңіз. Түскі уақытта достарыңыз немесе жақындарыңыз сізге көмек көрсете алады. Кешке қарай сізді тосынсый күтіп тұр.

Мерген
Бүгін жолыңыз болады. Тек бірбеткейлік танытудың қажеті жоқ. Жұлдыздар алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашып тұр. Тек өз-өзіңізге мығым болыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Спортпен айналысатындар да денеге ауыр күш түсірмегені жөн.

Тауешкі
Өте керемет күн. Өзіңіз қалаған жұмыспен айналыса аласыз. Атқарған істеріңіз жақсы нәтиже беретін болады. Жұмысқа қызығушылығыңыз бен ішкі түйсігіңіз жетістікке жетуге көмектеседі. Сіздің сабырлы мінезіңіз көпшілікке ұнайтын болады. Кешке қарай жалғыз қалып, күш-қуатыңызды қалыпқа келтіріңіз.

Суқұйғыш
Жанықпаңыз. Бастаған ісіңізді асықпай, ойланып барып жасаңыз. Сол кезде ғана қателіктерге бой алдырмайсыз. Өзгелердің тәжірибесіне жүгінгеннен гөрі, барлығын өз ойыңызбен жүзеге асырыңыз. Жан-жақты ақпарат жинап, ойланып барып әрекет етуге уақытыңыз жеткілікті. Туыстарыңызбен жақын қарым-қатынас орнатып, отбасыңызды нығайтуға өте сәтті күн.

Балықтар
Қызықты таныстықтар орнатуға қолайлы күн. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Жолыңызда кезіктірген адамдар сізге көп нәрсе үйретуі мүмкін. Түстен кейінгі уақыт романтикалық кездесу ұйымдастыруға қолайлы сәт. Сүйікті адамыңызды таңқалдыра аласыз.
15 наурыз 2019 ж. 87 0

Ұқсас жаңалықтар:

  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области