Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Амал мерекесі құтты болсын!

Амал мерекесі құтты болсын!

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Бұл күні ел қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады, кеуде қағысады. Таң алакеуімнен әрбір шаңырақ дастархан жайып, мерекені асыға күтеді. Халық бір-біріне "Жаңа жасыңмен" деп тілек айтып, жаңа жылға аман-есен жетуімен құттықтайды. Осы ретте Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі ұжымы өз оқырмандарын 14 наурыз Амал мерекесімен құттықтайды.

Қадірменді оқырман, жаңа жастарыңыз құтты болсын! Амал оң болсын!
Ғылыми деректерге сүйенсек, ықылым заманда қазақтар Жыл басын 1 наурызда тойлаған екен. 1918 жылы Ресей Батыс Еуропа күнтізбесіне ауысады. Бұл екі күнтізбенің арасында 13 күн айырмашылық бар. Сонда бұрын 1 наурызда көрісетін қазақ енді 14 наурызда көрісетін болды. Абайша айтсақ осы күндері «қырдағы ел ойдағы елмен араласқан, күлімдескен, көріскен, құшақтасқан». Осы кезде айтылған ізгі тілек пен мейірім- қуаныштан тіпті Самарқанның көк тасы еріген деседі.
14 наурыз 2019 ж. 510 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области