Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗ ӨССЕ-ЕЛДІҢ КӨРКІ

ҚЫЗ ӨССЕ-ЕЛДІҢ КӨРКІ


    Жалағаш кентінде аудандық ішкі саясат бөлімі, Аналар кеңесі, «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектептің оқушы қыздарымен кездесу өтті.
    «Қыз өссе – елдің көркі» атты шара барысында Аналар кеңесінің төрайымы Р.Ералы, «Жастар денсаулығы орталығы» КММ-нің Жалағаш аудандық филиалының дәрігері А.Бектаева баяндама жасады. Ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді дәріптеу, жастар арасындағы қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу, оларды мейірімділікке, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу туралы Аналар кеңесінің мүшелері А.Орынбаева, Р.Тоқмырзаевалар тоқталып өтті. Сонымен қатар, аудандық әуез мектебінің өнерпаздары күй тартып, ән шырқады.
    Мектеп директоры А.Айбосынова, «Инабат» қыздар ұйымының жетекшісі И.Әбілдаева, қыздар ұйымынан А.Нарпай өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.
    Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын осындай кездесу кент орталықтарындағы мектептерде жалғасын таппақ.





28 қараша 2017 ж. 149 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области