Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛЫ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫ

ҰЛЫ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫ


    Арал аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» ұйымының «Ұланымыз Ұлы елдің» атты салтанатты жиыны өткізілді.
    Жиында оқуда озат, түрлі өнер байқаулары мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары атанған 115 оқушы мойындарына туымыз түстес көк галстук тағып, «Жас ұлан» ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылданды.
    Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап, «Біз Жас ұлан - Отан-ана өрнегі» акциясына белсене қатысқан жасұландықтар мен тәлімгерлерге облыстық «Жас ұлан» ұйымының Алғыс хатын тапсырды.
    Жиынға құрметті қонақ ретінде «Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен» атты аудандық жастар слетінің делегаттары қатысты. Делегаттар атынан ұйымға қабылданған жас ұландарды «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда қалалық бөлімінің төрағасы Талғат Тілес құттықтады.
    Жиын өнерпаз жас ұландардың концертіне жалғасты. Концертте жақында ғана Сыр өңірінен бастау алған «Жыр керуені» эстафетасын жалғастырған жасұландық бүлдіршіндер жырдан шашу шашты.





28 қараша 2017 ж. 215 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области