Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ


    Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәулет» жеке балабақшасында «Әлем балалар көзімен» мектеп жасына дейінгі балалар арасында ғылыми жоба қорғау байқауы өткізілді.
    Байқауға №3 аймаққа қарасты балабақшалардың ортаңғы және ересек топтағы бүлдіршіндері қатысты.
    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында бәсекеге қабілетті, жігерлі шығармашылық тұлға қалыптастырып, білім беру мен оқытудың жаңа ұлттық жүйесін дамытуды, мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік әрекеті негіздерін қалыптастыруға жағдай жасау, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеуді көздеген байқауда «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеуметтік» білім беру салалары бойынша жұмыстар ұсынылды.
    Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде «Сәулет» балабақшасының тәрбиеленушісі Інжу Асылханға бұйырды. І орынды «Сыр балажаны» балабақшасының тәрбиеленушісі Адина Марат, ІІ орынды №50 «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушісі Аяулым Мұсабай, ІІІ орынды «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушісі Нұрлыбек Абай иеленді.
    Сондай-ақ, байқауға қатысқан барлық балабақша бүлдіршіндері алғыс хатпен марапатталды.  





28 қараша 2017 ж. 179 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области