Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жаңа басшы келді

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жаңа басшы келді

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының 2019 жылғы 11 наурыздағы №20-Ж бұйрығымен «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Абайдуллаев Мақсат Серікболұлы тағайындалды.
М.Абайдуллаев 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмәмдады.
2017 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп, экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие болды.
Еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының бас инспекторы болып бастаған.
2015 жылдың наурыз айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облысының ветеринариялық бақылау басқармасының бас инспекторы қызметін атқарды.
2016 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас маманы қызметін атқарды.
2018 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды.
Отбасылы.
12 наурыз 2019 ж. 181 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области