Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде алдағы тәуліктерде күн 20 градусқа дейін жылынады

Елімізде алдағы тәуліктерде күн 20 градусқа дейін жылынады

Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Үш тәулік бойы антициклон Қазақстанның көптеген облыстарына ықпал етеді.
«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты, ауа температурасы 0...+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12...+20°С градус болады. Бұл климаттық нормадан 4...10°С градусқа жоғары», - делінген хабарламада.
Тек республиканың батыс және қиыр солтүстігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыйтын атмосфералық фронттардың ықпалынан кей жерлерде жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі.
11 наурыз 2019 ж. 188 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области