Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ата-анасының қарсылығына қарамастан екпе салдырған

Ата-анасының қарсылығына қарамастан екпе салдырған

Ауруға қарсы екпенің қауіптілігі туралы жалған ақпараттың басты қайнар көзі – ғаламтордағы қауымдастықтар, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ата-анасының қарсылығына қарамастан екпе алған Итан Линденбергер есімді 18 жастағы бала Конгресте осындай мәлімдеме жасады. Сенат комитетіндегі тыңдау елдегі қызылша ауруының өршуі кезінде өтіп отыр. Сондықтан бозбаланың әрекеті алдымен ақпарат құралдарының, содан кейін Сенаттың назарына іліккен. Себебі АҚШ қоғамында бұл мәселеде әлі талас көп. Тіпті 17 штатта екпе ектірмеуге рұқсат етілген.
«Шешеме екпенің қауіпсіз екенін талай мәрте түсіндіруге тырыстым. Мен анама ауруларды бақылау орталығының ғылыми мәліметтерін де көрсеттім. Содан оның әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа көбірек сенетінін байқадым», - дейді Огайо штатының тұрғыны Итан Линденбергер.
10 наурыз 2019 ж. 446 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области