Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Forbes – 2019: Қазақстан мен Орта Азиядағы ең бай адам кім?

Forbes – 2019: Қазақстан мен Орта Азиядағы ең бай адам кім?

Forbes-тің биылғы рейтингінде түсті металл қазып алу және қайта өңдеу жұмыстарымен айналысатын KAZ Minerals компаниясының ірі акционері, басшы әрі кәсіпкер – Владимир Ким Қазақстан Республикасының ең бай адамы атанды.
Журнал Кимнің байлығын 4,5 миллиард доллар деп жариялады. Ол әлем байлары рейтингінде 424 орынды, Қазақстан һәм Орта Азия байлары арасында бірінші орынды иеленді.
90-жылдарда Ким техника ғылымының кандидаты атанып, бизнес және әкімшілік басқару бойынша докторлық диссертациясын АҚШ-та қорғаған. "Жезказганцветмет"-те жұмыс істеген.
2005 жылы Лондон фонд биржасында Қазақстанның жетекші компаниясына айналған "Қазақмыс"-тың басшысы болды. 2014 жылы оның атын "КAZ Minerals" деп өзгертті. 2013 жылы ол директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті, бірақ атқарушы директоры болып қалды.
2018 жылы Кимнің байлығы 3,1 миллиард долларға бағаланған (766-шы орын). Forbes деректері бойынша, өткен жылғыдан бизнесменнің ақшасы 1,4 млрд долларға көбейген. Кимнің байлығын 2015 жылы Forbes журналы 1,8 миллиард доллар деп бағалаған еді, жалпы рейтингте 1054-орынды иеленген болатын. Ал 2017 жылы 973-орыннан көрінді.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанның ең бай адамы болып Тимур Құлыбаев атанған еді. Биыл Forbes журналы оның байлығын 3,1 миллиард долларға бағалаған. 2019 жылы ол үшінші орыннан көрінді. Ал екінші орынды былтыр 2,6 миллиард долларына 1 жыл ішінде 800 миллион доллар қосқан Болат Өтемұратов иеленген. Рейтингте олардан бөлек ел президентінің қызы Динара Құлыбаева (3,1 миллиард доллар) және кәсіпкер Әлижан Ибрагимов (2,3 миллиард доллар) бар.

10 наурыз 2019 ж. 156 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области