Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызыл қырғыннан аман қалған сандық

Қызыл қырғыннан аман қалған сандық

Қолөнер – әрбір халықтың материалдық және рухани мәдениетінің көрінісі, өзінің көркемдік мағынасымен, бітім-қасиетімен ғасырдан-ғасырға мұқият сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын алтын қазына. Тұpмысқа қажет ұсақ-түйек дүниелеpден бастап үй сүйегі мен жиһазына дейiн адамдаpдың күнделікті тipшiлiк кеpегiне жаpап қана қоймай, өздеpiнiң әдемi бояу, бедеpлi өpнектеpiмен, сан қыpлы теpең сыpлы матеpиалымен, технологиялық үлгiлеpiмен талай ұpпақты таңғалдыpып, сол аpқылы эстетикалық тұpғыдан pухани мәдениетiмiздiң де қалыптасуына септiгiн тигiзiп келеді. Осындай жауапты міндетті Қызылорда облыстық музейінде орналастырылған этнографиялық экспонаттар арқалап тұрғандай. Соның ішінде Сыр елінің тумасы, Сыр талын сиқырлы әлемге айналдырған ұста Әжімбет Қарайғыровтың көркем дүниелері де бар. Шебердің әр туындысынан халықтың iс-әpекетiн, тұpмыстық болмысын, дүниетанымын көруге әбден болады. Шебеp қолы тиген әp бұйым көне заманнан келе жатқан дәстүpдiң жалғасы, қазақ халқының ұлттық мәдениетiнiң белгiсi iспеттi.
Қазақ тұрмысындағы ағаш жиһаздарының бірі ̶ сандыққа киім-кешек, асыл бұйымдар салынған. Әжімбеттің қолынан шыққан сандық ХІХ ғасырға тән. Материалы: қызыл ағаш, темір. Сандықтың өлшемі – 42х86 см. Орташа сандықтар қатарына жатады. Музей қорына 1982 жылы өткізілген [2]. Сандық пен жүкаяқтың бетіндегі өсімдіктектес өрнек ойылып жасалынған. Оюлар симметрия заңдылығын сақтай орналасқан. Эстетикалық үйлесіммен, ашық түстерді (қызыл, жасыл, сары) мол пайдаланып боялған. Сандыққа жауқазын, үшжапырақ сынды өсімдіктектес ою түссе, жүкаяқ жапырақ, жауқазын, өткізбе оюларымен әрленген. Сандықтың екі бүйіріне темірден тұтқа орнатылған. Жүкаяқ - сандықтың астына қойылатын жиһаз. Кейде қатталған сырмақ, буылған тең, бүктелген көрпе-жастық қою үшін де пайдаланылады. Сандықты не жүкті ызадан қорғап, асты дым тартып кетуден сақтайды. Асты арнайы қуыс етіліп жасалынады. Жүкаяқтың өлшемі – 34х92 см
Әжімбет ұста қызыл қырғынға ілігіп, «халық жауы» атанғаннан кейін ұстаның қолөнер бұйымдары, ұлттық нақышта жасалған жиһаздарының барлығы ортаға алынып, өртелген. Көрші-қоланның араласуымен аман қалған дүниелер кейін облыстық музей қорына өткізілген.
Бабадан балаға мирас болған мұра – қазақтың ұлттық қолөнеріне деген ықылас сонау ғасырлардан бері өз өзектілігін еш жойған емес. Ұлы Жібек жолын бойлай өтіп, айшылық алыс елдерді көшпенділер мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып, қазақ даласын әлем жұртына паш етуге үлес қосқан да осы ұлтымыздың қолөнер туындылары десек, артық айтқандық емес. Дегенмен, өмір салты өзгере келе, төл туындыларымыздың небір асылынан айырылып қала жаздағанымыз тағы бар. Дейтұрғанмен, ел ішінен білек сыбана шыққан білікті мамандар, майталман шеберлер ұлттық дәстүріміздің, ұлттық бірегейлігіміздің нышан-белгісін жоғалтпай, қолдан келгендерін ортаға салуда. Бұл ̶ рухани жаңғырудың басты тармағы болып табылады.

Әйгерім БЕККУЛИЕВА
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі
«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу
бөлімінің меңгерушісі

08 наурыз 2019 ж. 904 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области