Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қызылорда су жүйесі» 576 жұмысшыға 82 млн теңге жалақы қарызын төледі - прокуратура

«Қызылорда су жүйесі» 576 жұмысшыға 82 млн теңге жалақы қарызын төледі - прокуратура

Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарының қадағалау шараларымен 2018 жылы 492 жұмысшы алдындағы 90 млн теңге жалақы қарыздары төленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Ағымдағы жылы Құқық қорғау қызметтері орталығына келіп түскен шағымды қарау барысында «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 576 жұмысшыға өткен жылдың қараша-желтоқсан айларына 82 млн теңге жалақылары төленбегені белгілі болды. Прокуратураның ұсынысымен берешек өндіріліп, еңбекақыны төлеу бойынша талаптарды бұзғаны үшін кәсіпорын басшысы ӘҚБтК-тің 87-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, басқа үш мекеменің 241 жұмысшысына 43 млн теңге жалақы қарыздарын өндіру үшін шаралар қабылдануда.
Осы орайда облыстық прокуратура «Азаматтардың еңбекақыларын мерзімінде төлеу мәселесі облыстық прокуратураның тұрақты бақылауында. Еңбек заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда азаматтар құпиялық кепілдігі бар 26-20-06 сенім телефонына хабарласуларына болады» деп мәлімдейді.
06 наурыз 2019 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области