Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР АҚЫН РУХЫНА ҚҰРМЕТ ТАНЫТТЫ

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР АҚЫН РУХЫНА ҚҰРМЕТ ТАНЫТТЫ


    Қазалы ауданында белгілі журналист, Қазақстан және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Жетіскен Мәкеналының  65 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
    Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ақынның ауданның ғана емес, Сыр өңірінің рухани-мәдени және қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік дара қолтаңбасы қалған тұлға екендігін, бүгінгі күні оның шығармалары өскелең ұрпаққа тағылымы мол мұра болып қалғандығын айтты.
    Мұнан соң Жетіскен Мәкеналының 65 жылдығына орай шығарылған «Нұрлы ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, оқырмандарға тарту етілді.
    Шара барысында замандастары, зиялы қауым өкілдері ойлы естеліктер айтып, ақынның сөзіне жазылған әндер орындалды.
    Айта кетейік, Жетіскен Мәкеналы алғаш еңбек жолын медицина саласынан бастап, кейіннен мәдениет пен әдебиет саласында қызмет етеді.  Сондай-ақ өлке тарихын зерттеуде де көп еңбек етіп, «Ортаймаған қазаны – Қасиетті Қазалы», «Асандар көтерілісі», «Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы», «Ғани тағылымы» жинақтарын құрастырады. «Нұрбай би», «Ел мен Ер» прозалық кітаптары мен «ХХІ ғасырға аманат», «Тағдырмен тілдесу» атты жыр жинақтарын жарыққа шығарады.

27 қараша 2017 ж. 104 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области