Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛАЛАР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫ БОЛДЫРМАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫ БОЛДЫРМАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ


    Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп базасында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстылықтың, суицидтің, жыныстық азғындатушылықтың, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында аймақтық ата-аналар жиналысы өткізілді.
    Шараға қалалық білім бөлімінің бас маманы Г.Құдайбергенова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының тамақтану және дене белсенділігі бағдарламасының үйлестірушісі И.Болатбекова, ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы Г.Айтмағамбетова, облыстық наркология орталығының дәрігер-наркологы Г.Сапарбаева, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Ш.Тобжанов, Жергілікті полиция қызметі, ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны А.Усманова және №№9, 136, 211 мектептерінің ата-аналары қатысты.
    Ата-аналарға жиналыс барысында деструктивтік діни ағымдардың, салауатты өмір салтын ұстану, жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың, зиянды әдеттердің, құқық бұзушылықтардың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Шара соңында ата-аналармен тренинг өткізіліп, зиянды әрекеттердің алдын алу үшін жадынамалар таратылды.


27 қараша 2017 ж. 312 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области