Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі басталды

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі басталды

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Кезекті съезд «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Онда партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын талқылау, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және партия Саяси кеңесінің құрамын жаңарту жоспарланған.
«Аталған съездің партиямыздың 20 жылдығы аясындағы басты іс-шара боларына және алдағы жылдардағы мақсат-міндеттерді анықтап, біздің саяси ұйымның одан әрі жаңғыруына тың серпін беретініне сеніміміз мол» деп жазды Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, 1998 жылдың 21 қазанында Қазақстанда «Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдау көрсету қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы жұмысын бастады. Сайлауалды науқан кезінде штаб белсенді жұмыс істеді. Сондай-ақ, саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтастық орнатты. Аталған жұмыстар барысында белгілі мемлекет және саяси қайраткерлер - С.А.Терещенко, Г.И.Дунаев, Х.Ш.Тақуов белсенділігімен көзге түсті. Дәл осы кезеңде қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру идеясы туралы пікірлер айтыла бастады.
Осыған байланысты 1999 жылы 19 қаңтарда арнайы отырыс өтіп, онда Қоғамдық штабты «Отан» республикалық саяси партиясы» ретінде қайта құру шешімі қабылданды. Ал 1999 жылдың 12 ақпанында партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сай Әділет министрлігіне тіркелді.
«Дәл осы дата партияның жұмысы басталған күн ретінде Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихына жазылды. Партияның мұрағатында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанында «Отан» республикалық саяси партиясының мүшесі ретінде тіркелген картасы сақтаулы тұр», - деп атап өтілген «Нұр Отан» партиясының мәліметінде.
1999 жылдың 1 наурызында жаңа партияның І құрылтай съезі өтіп, онда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партияның Төрағасы болып сайланды. Одан бөлек, Саяси кеңес пен Орталық тексеру комиссиясының құрамдары бекітіліп, партияның Жарғысы қабылданды. Сондай-ақ съезд делегаттары «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстанның Халықтық бірлік партиясы, Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан либералдық қозғалысы және «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысының бірігуі туралы тарихи маңызға ие Резолюцияны қабылдады.
Ал 2006 жылы 4 шілдеде Астана қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтті. Онда «Отан» РСП-ға «Асар» партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды. Осы жылдың 22 желтоқсанында өткен партияның кезектен тыс X съезінде «Отанның» Азаматтық және Аграрлық партиялармен біріккені жарияланды. Бұл съезде басым дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшінің атауын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы шешім қабылданған еді.
2013 жылы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының атауы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Дәл осы күні «Нұрлы болашақ жолында» атты партияның жаңа Доктринасы қабылданды.
27 ақпан 2019 ж. 499 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области