Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА


    Облыс аумағында жер қойнауын пайдаланушы 97 компания бар. Көмір сутегі шикізатын барлау және өндіру, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суын барлау, емдік балшықты, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жұмыстарымен айналысатын лсы компаниялар 81 келісімшарттың негізінде жұмыс жүргізуде.
    Аймақтық индустриялдық-инновациялық даму басқармасының есебінше осы жылдың сегіз айында  облысымыздағы мұнай операторлары 4587,4 мың тонна мұнай өндіріп, бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 87,9 пайызды құрайды.      
    Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткізілген есепті мәжілісте облыстың кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдаланушыларының келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы бойынша есеп берілді.
    Мәжіліс қорытындысы бойынша Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясына, тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берілді.
    Облыс әкімінің төрағалығымен мұнай-газ секторының, уран өнеркәсібінің дамуы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алынуы бойынша қазақстандық мазмұнды дамыту  жөніндегі кеңейтілген мәжілісті ұйымдастыру және тиісті ақпараттар дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді.

27 қараша 2017 ж. 132 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области