Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АРАЛДЫҚ АЗАМАТ «SKIPE» АРҚЫЛЫ АУРУХАНАҒА ЖАТЫП, ЕМ АЛДЫ

АРАЛДЫҚ АЗАМАТ «SKIPE» АРҚЫЛЫ АУРУХАНАҒА ЖАТЫП, ЕМ АЛДЫ


    Қызылордалық нұротандықтар «Skipe» байланыс желісі арқылы хабарласқан қарияны емханаға жатқызды.
    Нақты айтар болсақ, 6 қараша күні облыстық партия филиалының қабылдауына «Skipe» байланыс желісі арқылы  Арал ауданы, Сексеуіл кентінің тұрғыны Маржан Ісбармақова есімді азаматша хабарласады. Ол жетекші партияның облыстағы өкілдеріне ағасы, І топ мүгедегі, зейнеткер Жолшыбатыр Арыстановтың денсаулығы жөнінде баяндап, оны облыстық медицина орталығына емдетуге көмек сұрайды.
    Облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеевтің айтуынша осы өтінішке сәйкес мәселе әуелі жете зерттелді.
    - Бүгінде науқастарды сырқатына қарай емханаға жатқызу портал арқылы жүргізілетіндіктен біз алдымен заң аясында науқастың тұрғылықты жеріндегі ауруханасы арқылы порталға салынуын қадағаладық. Сонан соң облыстық медицина орталығының бас дәрігеріне хабарласып, мән-жайды түсіндірдік. Білікті басшы, сауатты маман, қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракция мүшесі Сәбит Пазылов мәселенің шешімін табуына тікелей қолдау көрсетті. Қария 13 қарашадан бастап, 10 күн облыстық медицина орталығында стационарлық ем қабылдап шықты. Көңіл-күйі жақсы. Ардагердің жағдайы  партияның тікелей бақылауында,- дейді облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев.
    Қызылорда облыстық партия филиалында облыс орталығынан тыс жерлермен «Skipe» байланыс жүйесі, СИП телефоны арқылы тұрғындар сұрақтарына жауаптар мен тиісті кеңестер беру жүйелі жолға қойылған.
    Мәселен, жыл басынан облыстық партия филиалының қабылдау бөлмесіне  тұрғындардан денсаулық сақтау мәселесі бойынша  137  өтініш түсіп, оның  41-і оң шешілген.  «Skipe» байланыс жүйесі арқылы облыстық департамент пен басқарма басшылары,  Партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытындағы комиссия төрағалары 17 қабылдау өткізіп, 24 тұрғынның мәселесін шешуге көмек көрсеткен.

27 қараша 2017 ж. 88 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области