Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Азаматтарға арналған үкімет» халықаралық сертификаттаудан өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» халықаралық сертификаттаудан өтті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Елбасының 2015 жылы қабылдаған Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100-ші қадамды орындады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Оған сәйкес, Канада мен Австралияның үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру тапсырылған болатын. 2016 жылдың сәуірінде жұмысын бастаған корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялап, мемлекеттік қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігін жасады. Сондай-ақ Ұлт жоспарында мемлекеттік қызметті сапа менеджменті ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттаудан өту міндеті қойылған болатын.
Бұл тапсырманы орындау мақсатында 2017-2018 жылдары сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарт қағидаттарын енгізу, қызметкерлерді оқыту жұмыстары жүргізіліп, корпорация қызметі біріздендірілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, сапа менеджментінің халықаралық сертификатын алу – көрсетілетін қызмет деңгейі өскенінің дәлелі.
«Біздің басты міндетіміз – қызмет алушының көңілінен шығып, бар сұранысын өтеу. Корпорациямызға жүгінетін кез келген азамат сапалы қызмет алуы тиіс. Біз бұл бағыттағы жұмысты үнемі жетілдіріп отырамыз», – дейді корпорация төрағасы.
«Азаматтарға арналған үкіметтің» ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сай келуін тексеру мақсатында сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитін TUVThuringen Е.V. компанисы (Германия) жүргізді.
Халықаралық стандарт талаптарына жауап беру – мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа ауыстыруға қатысы бар бизнес-процестерді үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді. Бұл Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінетін халық санын азайтуға, корпоративті және сервистік мәдениет деңгейін көтеруге, сондай-ақ корпорация қызметкерлерінің құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
Басқарма төрағасына ISO 9001:2015 сертификатын аудит жүргізген TUVThringen Е.V. компаниясының атынан Роман Карякин («Интерсертифика-Тюф ЖШС директоры) табыс етті.
24 ақпан 2019 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области