Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта 195 оқушы «Қобыланды батыр» жырын жаттайды

Жалағашта 195 оқушы «Қобыланды батыр» жырын жаттайды

«Qazaq epos» қоғамдық қоры «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан байқау ұйымдастыруды қолға алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Олар республика бойынша 50 мың оқушыға «Қобыланды батыр» жырын жаттатып, Гинесс рекордтар кітабына енуді де жоспарлап отыр. Ағарту жобасы 3 кезеңнен тұрады. Алғашқысы – сәуірде өтетін аудандық байқаулар. Бұдан кейін қатысушылар мамыр айында облыс бойынша сайысқа түсіп, маусым-шілде айларында республика деңгейінде ұйымдастырылатын байқауға жолдама алады.
Жалағаш аудандық білім бөлімінің мәліметінше, республикалық байқауға ауданға қарасты 20 мектептен 195 өрен қатыспақ. Әр мектептен үміткер 10 балаға 5 мұғалімнен жетекшілік етпек. Бұл қатысушылар бүгінгі күні қызу дайындық үстінде. Алдағы байқауда оқ бойы оза шауып, үздіктер қатарынан көрінуді мақсат етіп отыр.
Айта кетейік, «Qazaq epos» қоғамдық қоры мәлімдеген ереже бойынша қатысушылар «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. Алдын ала бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыптар бойынша эссе жазады.
Негізгі бағыт – тарихи эпостарды жаттау, туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну. Сондай-ақ, оқушылар «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау жазған нұсқасын мүдірмей айтып шығуы тиіс. Жырдың бұл нұсқасы 107 беттен яғни, 3627 қатардан тұрады. Ал, жеңімпаздарға арналған жүлде бір миллионнан аса қаржыны құрайды. Байқау барысында ұстаздар қауымы да қаржылай сыйақыдан құралақан қалмайды.
20 ақпан 2019 ж. 394 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области