Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Көлік қозғалысын заңсыз реттеген қызылордалық азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды

Көлік қозғалысын заңсыз реттеген қызылордалық азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды

Қызылордада көше қиылысында көлік қозғалысын заңсыз реттеумен айналысқан азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл оқиға облыс орталығындағы Жібек жолы мен Сұлтан Бейбарыс көшелері қиылысында орын алған. Бағдаршам уақытша істемей қалған соң бір азамат көше қиылысындағы көлік қозғалысын заңсыз реттеумен айналысқан.
Оқиға бойынша Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
«Көше қиылысына жаяу жүргіншіге шығуға тыйым салынады. Өйткені, ол өзінің қауіпсіздігімен қатар көлік құралдарының көше қиылысынан өтуіне қауіп туғызады. Аталмыш оқиға бойынша бағдаршамның жұмыс істемеу туралы хабарлама тіркелген уақытта патрульді полиция бекеті жіберілді. Уақтылы аталған көше қиылысына реттеуші қойылды. Бағдаршамның жұмыс істемеуі және көше бойынша кептеліс болған кезде тиісті орындарға хабарласуы тиіс», - делінген полиция департаментінің берген түсініктемесінде.
20 ақпан 2019 ж. 445 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области