Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 20 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қарбалас күн. Өзіңіздің шындықты айтып тұрғаныңызға айналаңыздағыларды сендірген жағдайда ғана жетістікке жетесіз. Бірақ шындықты қалайда жеткіземін деп күш қолданып жүрмеңіз. Барлығын байыппен шеше біліңіз.

Торпақ
Күш-қуатыңыз артып, шабыт шалқи түседі. Бүгін жұмсақ мінез танытасыз. Бірақ оны кейбіреулер дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Олар сізді ұяң деп ойлап, сіз атқаруға тиіс міндеттерден босатуы мүмкін.

Егіздер
Ескі достармен, туыстармен немесе серіктестермен қаржылық жағдайды жақсартуға мүмкіндік бар. Жеке өміріңізде болып жатқан оқиғаларға мән беріңіз. Көптен армандап жүргеніңіз жүзеге асатын болады.

Шаян
Бүгін көмек сұрай келген жандарға қолұшын беріңіз. Сонымен қатар сыйлық сыйлап, өзіңізде сый алуыңыз мүмкін. Бүгінгі күнді отбасыңызбен бірге өткізіңіз. Тым белсенді болмағаныңыз жөн.

Арыстан
Бүгін сіз табысқа, жетістікке жету үшін біраз тер төгесіз. Театрға немесе концертке бару, достарыңызбен басқосу немесе қонақ шақыру сізге уақытты керемет өткізуге мүмкіндік береді.

Бикеш
Жаңашылдыққа ұмтыласыз. Өмірден күтеріңіз көп. Бүгінгі күн саудаласуға және мерекелік кешті өткізуге өте ыңғайлы. Достарыңызға сенім артыңыз, олар табысқа жетуіңізге көмектеседі.

Таразы
Көп уақытыңыз өзгелердің мәселесін шешумен өтеді. Өзіңіздің жұмысыңызды бірыңғайлауға уақыт таппай, біраз ашуланасыз. Бірақ барлығына да үлгеруге мүмкіндік бар.

Сарышаян
Өз айтқаныңыздан қайтпайсыз. Бұл мінезіңіз сізге тек қиындықтар алып келмесе, мәселені шешеді деп айту қиын. Өзіңіздің ісіңізді дұрыс деп, өзгелердің пікіріне күдікпен қарайсыз. Бұл мінезіңізбен кикілжің тудырып, өзгелерді ренжітіп алуыңыз мүмкін.

Мерген
Спортпен шұғылдануға қолайлы күн. Бүгін күтпеген жерден шығынға ұшырайсыз. Үй тіршілігі көп уақытыңыз бен күшіңізді сарқып алады. Егер балаларыңыз болатын болса, оларға көп көңіл бөлгеніңіз жөн.

Тауешкі
Бүгін танысқан адамдарыңыз алдағы күндерде сіздің өміріңізде маңызды рөл атқаратын болады. Жоспарларыңызды жүзеге асыратын жаңа идеялар туындауы мүмкін. Алайда сақ болыңыз. Жоспарды жүзеге асырамын деп жолыңызда кездескендерді құрдымға кетірмеңіз.

Суқұйғыш
Бойыңыздағы талантты шығаратын сәт келді. Достармен әңгіме-дүкен құрып, топтық істер атқаруға қолайлы күн. Жаңа идеялар қосымша табыс көзін табуға септігін тигізеді.

Балықтар
Кез келген істе жолыңыз болады. Нәзікжанды «балықтарға» өзі ұнатқан жан сезімін білдіреді. Ал ерлер бұл күні толыққанды демалғаны жөн. Отбасылық мереке ұйымдастырып, жақындарыңыздың көңілін көтеріңіз.
20 ақпан 2019 ж. 139 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области