Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҚ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҚ ӨТТІ


    Қызылорда қалалық білім бөлімінің және облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Алтын ұя» балабақшасы базасында «Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» облыстық шығармашылық апталығы өткізілді.
    Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған шарада жаңашыл іс – тәжірибелерді насихаттау, балаларды тәрбиелеудегі инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу, баланы мектепке мақсатты түрде дайындау тәсілдерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
    Апталыққа облыстың 7 ауданынан және Қызылорда қаласынан «Алтын ұя», «Ер Тарғын», «Сыр самалы» және «Алпамыс» балабақшалары қатысып, жаңа идеяларын, шығармашылық жұмыстарын ортаға салды.
    Апталықтың ережесіне сәйкес «Мен көшбасшы әдіскермін!» атты балабақша әдіскерлері ТЕDx форматында жаңашыл идеяларының презентацияларын өткізіп, «Мен креативті тәрбиешімін!» атты Start-up идеялар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
    Сондай-ақ, апталық аясында «Мен дарынды баламын...» атты балалар кастингі, «Шығармашылықтың шексіз әлемі» атты үздік дидактикалық материалдар көрмес өтті.
    Апталық соңында «Креативті тәрбиеші» номинациясын «Алтын ұя» балабақшасының тәрбиешісі  Гүлнұр Оразбаева және «Ер Тарғын» балабақшасының тәрбиешісі Лаула Жолаева иеленді. Ал «Шығармашыл тәрбиеші» номинациясы «Алтын ұя» балабақшасының тәрбиешісі Қанзира Хиноятова мен «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі Гүлсезім Серіковаға табысталды. «Мен дарынды баламын...» номинациясына қала бойынша «Алтын ұя», «Ер Тарғын» балабақшалары және Арал ауданындағы «Қарлығаш» балабақшасының дарынды да сүйкімді бүлдіршіндері ие болды.
    Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.





24 қараша 2017 ж. 127 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области