Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ішіп алып көлік жүргізген жаңақорғандық жазаланды

Ішіп алып көлік жүргізген жаңақорғандық жазаланды

Жаңақорған аудандық сотында мас күйінде көлік басқарған азамат сотты болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, осыдан 3 жыл бұрын Жаңақорған аудандық соты заң бұзушыны көлік құралын басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырған болатын. Жаза мерзімі толық аяқталмай тұрып, айыпталушы заңды бұзған. Ол ағымдағы жылдың 12 қаңтар күні Жаңақорған кенті, Маханбет көшесінің бойында автокөлікті мас күйінде басқарған.
Алкогольдік масаю күйін анықтау туралы медициналық қорытындыға сәйкес, сотталушы Р. «жеңіл» дәрежелі мас күйінде болғаны анықталған.
Сотта, айыпталушы Р. кінәсін мойындап, істеген әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта ондай әрекеттерге бармайтынын көрсетіп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот үкімімен сотталушы Р. кінәлі деп танылып, көлік басқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды. Сонымен қатар оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 63125 теңге айыппұл салынды.
14 ақпан 2019 ж. 144 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области