Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы - Айдос Сайлығараев

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы - Айдос Сайлығараев

Еңбек жолын 18 жасында даяршы болып бастаған Айдос Сайлығараев бүгінде «Браунис Казахстан» ЖШС-ның директоры.

Айдос Мирамбекұлы өзін іскер, ұйымдастыру қабілеті жоғары, күрделі мәселелерді заманауи тәсілдермен шеше білетін білікті басшы ретінде көрсетіп келеді. Өзінің алғырлығымен түрлі қиындықтардың шешімін тауып, бизнес саласында жоғары нәтижелерге жетіп, алға өрлеуде. Кәсіпкерлер палатасының түрлі іс-шараларына белсенді түрде қатысып, нормативті-құқықтық актілерді талқылауда өз ұсыныстарын жеткізіп, жаңа ұтымды ойларымен жастарға жол сілтеп жүр.
Қазірде Айдос Мирамбекұлы «Браунис Қазақстан» ЖШС құрылтайшысы және президенті қызметін атқаруда. 2009 жылы алғашқы «Дастарқан» асханалар желісін құрып, 2010 жылы – «Cofee do» кофеханасын ашты. 2011 жылы кондитерлік цех пен дүкендер желісі секілді жаңа өндірістерін ашты. Аталған цехтың ашылу барысында «Бизнестің жол картасы-2020» бадарламасы аясында арнайы Германиядан СЕС-сарапшыларын шақыртып, торттар мен десерттердің жаңа өндіру технологиясын ендірді.
Кәсіпкер 2015 жылы 10-шы бизнес объектісін ашып, жалпы «Браунис» жобасы аясында 200 тұрғынды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. 2012-2013 жылдары өнім шығару саласында үздік кәсіпкер ретінде танылып, «Жылдың үздік тауары» байқауында Қызылорда қаласы бойынша бірінші орынды жеңіп алды.
Ізденімпаз кәсіпкер әлі де Астана мен Алматы қалаларында жаңа кофеханалар ашып, тіпті Дубайда өз ісін жалғастырмақ.
14 ақпан 2019 ж. 210 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области