Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Білімнің күйреуі – бұл ұлттың күйреуі» – Қырымбек Көшербаев

«Білімнің күйреуі – бұл ұлттың күйреуі» – Қырымбек Көшербаев

Білімнің күйреуі – бұл ұлттың күйреуі! Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде осындай пайым айтты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысының пікірінше, педагогтар балаларға сапалы білім берумен ғана емес, сонымен бірге олардың жан-жақты дамуын да қамтамасыз ету керек.
«Оңтүстік Африка университеттерінің бірінде әрқайсысымыз терең түсінуді қажет ететін бір хабарландыру ілініп тұр. Мәтіні – білімнің қаншалықты маңызды екені жайлы.
«Кез келген ұлтты құртуға атом бомбасын немесе қашықтықтан әрекет ететін зымыранды пайдалану қажет емес. Тек білім сапасын төмендетіп, оқушы¬лардың емтихандардан көзбояушылықпен өтіп кетуіне рұқсат берсе, жетіп жатыр. Науқастар осындай дәрігерлердің қолынан өледі. Осындай инженерлер мен құрылысшылардың қолынан шыққан ғимараттар қирайды. Осындай экономистер мен бухгалтерлердің қолынан ақша жоғалады. Осындай заңгерлер мен соттардың қолынан әділдік жойылады. Білімнің күйреуі – бұл ұлттың күйреуі!» Бұл сөздермен келіспеу мүмкін емес», – деді облыс әкімі.
14 ақпан 2019 ж. 19 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области