Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТЫҢ ТӘЖІРИБЕ

БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ТЫҢ ТӘЖІРИБЕ


    «Сиқырлы әлем» жеке балабақшасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Таным» білім беру саласы бойынша «Өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған шараға №7 аймақтың әдістемелік бірлестігіне қарасты балабақшалар мамандары қатысып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
    Әдістемелік күн «Еркемай» ересектер тобының «Күзгі саябаққа экскурсия» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметімен басталды. Тәрбиеші Гүлзира Есмаханова балаларға күзгі мезгіліндегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршіліктері туралы тарата айтып, түсініктерін нақтылады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында тәрбиеші зерттеу әдісін, ойын технологиясын, мегалогика әдісін және Васкобович технологияларын пайдалана отырып, балалармен зерттеу жұмысын жүргізді.
    Әдістемелік күнді әрі қарай «Құлыншақ» ортаңғы топ тәрбиешісі Шынар Үсенғазиева «Алтын күз келді» тақырыбында оқу–қызметімен жалғастырды. Бұл балалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы, жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыруға арналды. Балалар эврика құралы арқылы ғаламшарды зерттеп, дәстүрден тыс витражды бояумен сурет салу арқылы  күз мезгілінің ерекшеліктерін бейнеледі.
    Сонымен қатар, балабақшадағы түрлі үйірмелер жетекшілері өз бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.




 
24 қараша 2017 ж. 376 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области