Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәмелетке толмаған ұлына көлік жүргізуге рұқсат берген қызылордалық жауапқа тартылды

Кәмелетке толмаған ұлына көлік жүргізуге рұқсат берген қызылордалық жауапқа тартылды

Қызылорда облысының 40 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баласына автокөлікті жүргізуге берген, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған оқиға «Самара-Шымкент» тас жолының бойында орын алған. 40 жастағы облыс тұрғыны 2003 жылғы баласына көлік жиі жүретін күре жолда машинасын жүргізуге рұқсат берген.
«Бұл жөнінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабында көрсетілген. Онда «Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту» жағдайы екені көрсетілген. Осыған байланысты Жалағаш аудандық соты 6 ақпанда қаулы шығарды. Қаулы бойынша құқық бұзушы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабымен кінәлі деп танылды. Оған елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ол 120250 теңге шамасында», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, құқық бұзушы ата-ана ішкі істер органдарының есебіне алынатын болады.

11 ақпан 2019 ж. 155 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области