Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Экспорт: Сыр өңірінің қандай өнімдері сұранысқа ие?

Экспорт: Сыр өңірінің қандай өнімдері сұранысқа ие?

Сыр өңірінде өндірілетін өнім экспортына сертификат алған кәсіпкерлер саны соңғы екі жылда 40 процентке артты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорданың күрішімен қатар Аралдың балығы да шетелдерде ерекше сұранысқа ие. Бүгінде өңірде 8 балық зауыты жұмыс істейді және олардың тең жартысы Еуроодақ мемлекеттеріне балық өнімдерін экспорттауға арналған еурокодты иеленген.
Қазалы ауданының кәсіпкері Төребек Игіліков балық өнімдерін экспорттау үшін еурокодты 3 жыл бұрын алған болатын. Содан бері Польша, Германия, Нидерланды және ТМД елдерінің нарығына жылына 220 тоннаға дейін көксерке, сазан, 200 тоннаға жуық фарш пен балық алқымы экспортталады.
«Қазіргі таңда балықтарды Еуропаға жіберіп жатырмыз. 2018-де 220 тоннадай филе балығын жібердік. Ол шамамен 350 млн ақша. Екінші жағы Ресейге кетіп жатыр, 200 тоннадай балық кетті. Ол жағы 200 млн ақша болады. Қазақстанға 50-60 тоннадай кетеді. Қазақстан сазан, жайын балықтарын сұрайды», – дейді өндірістік кооператив директоры Төребек Игіліков.

Тауар сертификаттарын ресімдеу және беру 2014 жылдан бастап өңірлік кәсіпкерлер палатасының құзыретінде. Оның мәліметінше, Арал маңында 2 жыл ішінде түрлі өнімді экспорттаушылар саны 40 процентке өсті. Қызылордалық күріш, балық, мақсары майы, ас тұзы, ванадий кені мен мұнай шетелде ерекше сұранысқа ие.
«2018 жылы 1196 сертификат сыртқа шығарылатын тауарға берілді. Құрылыс материалдары, тігін өнімдері, азық-түлік. Оның ішінде сыртқа шығаратын елдер – ТМД елдері. Оның ішінде 2018 жылы Өзбекстанға өте көп берілді. Оның ішінде Ресейге де жіберіледі. Ол – күріш өнімі. Сондай-ақ Қытайға жіберіледі. Швейцарияға шығады, Грузияға шығады», – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айман Сәдуова.
Сондай-ақ өңірімізде өнеркәсіп тауарларын өндірушілер саны да артып келеді. «Қызылордада жасалған» брендімен ерлер жейделері, шұлықтар және жұмсақ матадан қап тігу секілді аймақ үшін жаңашыл өнім түрлері де шығарыла бастады.

11 ақпан 2019 ж. 54 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области