Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда көп балалы аналардың мәселесі тыңдалды

Қазалыда көп балалы аналардың мәселесі тыңдалды

«Нұр Отан» партиясының Қазалы аудандық филиалында аналарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қабылдауға келген аналарды аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов пен сала басшылары қабылдады. Ашық есік күніне жиналған 20-ға тарта ана жиналып, оларға баспана мәселесі, жұмыссыздық, әлеуметтік атаулы көмек алу сынды мәселелер бойынша тиісті жауаптар берілді.
Жиын барысында көп балалы аналардың тарапынан түскен өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.
Жиында көтерілген барлық мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауында.

11 ақпан 2019 ж. 56 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области