Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЛАШАҚА ЖОЛ АШАТЫН БАСТАМА

БОЛАШАҚА ЖОЛ АШАТЫН БАСТАМА


    Қазалы аудандық почта бөлімшесі ұжымы латын әліпбиіне көшу бастамасын талқыға салды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген бастама жайлы ойын білдірген мамандар бұл реформаның мемлекеттік тілді дамытуға септігі тиетініне баса назар аударды.
    Басқосуда ұлт алфавитінің тарихы жайлы да айтылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен  КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданғандығы туралы айтып өтті.
    Жиында латын әліпбиіне көшуді жүйелеу жайлы да әңгіме болды. Ұжым мүшелері өз ойларын айтып,  оны жүзеге асыруға атсалысатындықтарын білдірді.

19 қазан 2017 ж. 616 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области