Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ БАЛА АСЫРАП АЛУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

«АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ БАЛА АСЫРАП АЛУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ


    ҚР бойынша барлық аймақтарда  ҚР Білім және ғылым  министрлігінің қолдауымен «Ана үйi» қоғамдық қоры жанынан  «Бала асырап алуға қолдау көрсету орталығы» ашылып, жұмыс атқаруда.  «Ана үйі» қоғамдық қоры Қазақстандық кәсіпкерлердің бастамасымен құрылған қайырымдылықты жүзеге асыратын бірегей жоба. 2016 жылдың 7 маусымында Білім және ғылым министрлігі мен «Ана үйi» қоғамдық қоры арасында екі жақты меморандум жасалды. Бекітілген құжатта тараптардың еліміздегі  әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балалар үйі тәрбиеленушілерінің санын азайту, сонымен қатар балалардың мүддесін қорғайтын мемлекеттік саясатты жүзеге асыру көзделген.
    «Бала асырап алуға қолдау көрсету» орталығының негізгі мақсаты - балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алуға ниетті отбасыларға көмек көрсету болып табылады.  Баланы асырап алуға дайындық кезеңінде, бастапқы және баланың отбасында бейімделуі барысында асырап алушылар отбасына  психологиялық, консультациялық және құжаттар топтамасы барысында құқықтық қолдау көрсетіледі.
    Бүгінгі күні қор мамандары бала асырап алуға үмітті отбасыларға ақпараттық-консултациялық көмек берумен қатар «Асырап алушы ата-аналар мектебінде» дайындық жұмыстарын жүргізеді.
     ҚР бойынша барлық аймақтарда консультациялық кабинеттер мен Call-center 1422 жұмыс атқарады. Қордың барлық қызметтері ақысыз негізде көрсетіледі. Барлық мәселелер бойынша Akmaral_ye@mail.ru электронды поштасына хабарласуға болады.

23 қараша 2017 ж. 588 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области