Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ


    Қызылорда қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Жарасбек Өтебаев  мұғалімдер арасында өткен мектепішілік сайысында жеңіске жетіп, «Үздік жыл мұғалімі-2017» номинациясын иеленді.
    Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген сайысқа биыл 6 пән мұғалімі қатысуға ниет білдіріп, олар 6 кезеңнен тұратын сайыста  бақ сынасты.
    Сайыстың алғашқы кезеңінде үміткерлердің өткізген қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, ән-әуез, физика және биология пәндері бойынша ашық сабақтары бағаланды.
    Екінші кезең бойынша қатысушылар өзінің педагог ретінде жеке тұлғасын түрлі форматта ашып,өзіндік кәсіби беделін, оқыту тұжырымдамасын көрсете  білді.
    Үшінші тапсырмада мұғалімдер «Оқушылармен әңгіме», «Ата-аналармен әңгіме» тақырыптары бойынша 5 минуттық бейнефильмдер әзірледі. Бұл кезеңде өзекті мәселені талқылау арқылы қатысушылар өздерінің ұйымдастырылған талқылаудың тереңдігі мен тәрбиелік құндылығын, оқушылардың талабын қаншалықты тыңдай білетінін және түсінетінін көрсету керек болды. Сонымен бірге оқушыларды ата-аналарымен шешуді талап ететін педагокалық ахуалды талқылауда ерекше үлгілерін көрсету тиіс болды.  
    Байқау аясында «Менің педагогикалық мұратым» жеке көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мұғалімдер өз жұмыстарын, кәсіби жетістіктерін көрсететін портфолиоларын, әдістемелік әзірлемелерін, жарияланымдарын, буклеттерін қойды.  
    «Шешендік өнер» кезеңінде қатысушылар берілген тақырыптар  бойынша көпшіліктің алдында сөз сөйлеп, өздерінің креативті стилі мен сауаттылығымен ерекшелене түсті.
    Қатысушыларға берілген соңғы тапсырма проблемалық педагогикалық жағдаятттарды рөлде ойнау арқылы шешу болды.  Бұл кезеңде де сайысқа қатысушы ұстаздар өздерінің актерлық шеберліктері мен педагогикалық сауаттылығын көрсете білгенін  әділ-қазылар ерекше атап өтті.
    Байқау қорытындысына сәйкес 3-ші орынды қазақ тілі пәнінің мұғалімі Құралай Абуова, 2-ші орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зауреш Манабаева, 1-ші орынды – физика пәнінің мұғалімі Айнұр Құрақбаева иеленді. Ал «Үздік жыл мұғалімі-2017» номинациясына музыка пәнінің мұғалімі Жарасбек Өтебаев лайықты деп танылды.
    Айта кетейік, байқау жеңімпазы Астана қаласында өтетін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің желілік байқау кезеңіне облыстың намысын қорғамақ.

23 қараша 2017 ж. 384 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области